Датасы: 29.12.2024
Формат: mp3

Махаббатқа мүлде бір сенбей жүргенде

Сен келгенсің

Сен келгенсің

Түсіндірдің өзіңнен өзге ешкімнің

тең келмесін

тең келмесін

Жүрегім сенің үйің , кілті тек біреу-ақ

Ешкімді кіргізбей , орналас бір өзің-ақ.

Үздіксіз күткенім

Менің оттегім

Сәлем деп басталғаннан

Жаным деумен біткенім

Жылы мекенім

Сүйікті етемін

Ғашықтар әлеміне

Алып кетемін

Үздіксіз күткенім

Менің оттегім

Көктемгі қызғалдақтай

Өміріме көктедің

Маған керегі

Сенем дегенің

Бол менің жүрегіме

Мәңгі леп белгім

Үй жағыңнан өтемін , 13 қабат

Сені көрсем көңілім тынышталад(-ы)

Жаңбыр асты серуендеп қайтайық

Қолшатырды

қолымызға ұстап алып

Шаштарыңнан жаңбыр суы тамып тұр

Көздеріңнен бояуларың ағып тұр.

Мен тамсанып , көзімді ала алмай қарап тұрм.

Мөлдір көзің

және

Сүмбіл шашың

Күлкіңнен тым тәтті айналайын.

Сизге жактыбы? Комментарий жазыңыз

Сиздин email адрес жарыяланбайт. Обязательные поля помечены *