Көп тіледім осы сәтті келсе деп

Біріншіме құдайым қыз берсе деп

Қабыл болған дұғаларыма шүкір

Бейнеңді елестетем сенің ақ бұлттардан

Махаббатымызға дәлел болып келдің маған

Анашыңдай сұлулықты берген саған

Кайырма

Қызым менің,аманатым

Екі ғашықтан жаралған махаббатым

Әкең бар сенде тіреу болатын

Мәңгі аманатым х2

Аптап ыстық келген күнің

Уайымменен жүр әкең бүгін

Сен келді деп

Гүл шоқтары анашыңа

Жаңа үйге біз асыға сені әкелдік

Сегізінші кереметі әлемнің

Тапқандаймын іздемей ақ менің әлемім

Ендігіде бар жақсыны үйіп төгем кішкентайыма деп, әлемім

Қызым менің,аманатым

Екі ғашықтан жаралған махаббатым

Әкең бар сенде тіреу болатын

Мәңгі аманатым

Сизге жактыбы? Комментарий жазыңыз

Сиздин email адрес жарыяланбайт. Обязательные поля помечены *