Арамыз алыс әлі сезініп көруге,
Қол ұстасып бірге жүруге.
Шақырым бөгет болып, сезім білдіруге,
Бірге жүріп — өмір сүруге.
Қайырмасы:
Кешір мені жетпеді шамам,
Қайта оралуға бармайды қадам.
Неге сен маған суып кеттің,
Жауабын таба алмай, таба алмай қалам…
Кешір мені жетпеді шамам,
Қайта оралуға бармайды қадам.
Жету саған қолымнан келмеді,
Жүрегімнің жазған ең мұңды романы…
Біз қыдырмаған жерлерді қазір ұнатамын,
Менде бәрі жақсы енді сені ұмытамын.
Уақыт текке кетпей әрекет істеуге тырысамын,
Өмір еркелетпей құлата салады жыласаң.
Бақытыңды тауып кетуіңе тілектеспін,
“Асылым” демесемде әлі жүректесің,
Махаббатым демесемде әлі миымдасың,
Қош бол еркем өзгеге бұйырасың.
Қайырмасы:
Кешір мені жетпеді шамам,
Қайта оралуға бармайды қадам.
Неге сен маған суып кеттің,
Жауабын таба алмай, таба алмай қалам.
akimmmich:
Кешір мені жетпеді шамам,
Қайта оралуға бармайды қадам.
Жету саған қолымнан келмей,
Жүрегіммен жаздым мен мұңды роман…




