Құс та болғым келмейді,
Қанатым бар.
Қанатым бар күмістен жаратылған.
Сәби болғым келеді, сәби болғым,
Мына өмірден хабарсыз, жаңа туған.

От та болғым келмейді,
Жылуым бар.
Жылуым бар, керек пе, жылыныңдар.
Сәби болғым келеді, сәби болғым,
Күн сәулесі ойнаған тұлымында,

Қанаттанып өмірге ұшарымда,
Кесілмесін бәрібір тұсауым да.
Сәби болғым келеді, сәби болғым,
Сәбиі жоқ
Ананың құшағында.

Сизге жактыбы? Комментарий жазыңыз

Сиздин email адрес жарыяланбайт. Обязательные поля помечены *