Датасы: 29.03.2026
Формат: mp3

Жарығым
Жүректен кетпей жүр әлі мұң
Білмеппін өзіңдей алтынның
Қолымда бар кезде қадірін

Сағындым
Жабықтым, күйзелдім, сарылдым
Жаурап қалған мына жаныма
Жылуы керек құшағыңның

Сен кеткелі жанымнан
Мен толассыз сағынғам
Уақыт емдей алмай жүр
Бұл жүректі ауырған

Сен кеткелі жанымнан
Менің демім тарылған
Бәрі сендік сезімге
Қанағаттанбауымнан

Ойладым
Сен жайлы тағыда ойладым
Мәңгілік сүйем деп сөз бергем
Мен әлі сертімнен таймадым

Өтпелі
Неліктен сезімнің көктемі?!
Жалғыздық сырласым болып жүр
Сен менің жанымнан кеткелі

Сизге жактыбы? Комментарий жазыңыз

Сиздин email адрес жарыяланбайт. Обязательные поля помечены *