Болдың маған уайым
Сен әрдайым
Неге әрдайым?
Уақыт өткен сайын
Суып бара
Жатқандаймын
Бауыр басып
Қалған көңіл
Кейде күліп тұрып, кейде мұң
Енді сенсіз
Құдды жансыз
Күйдемін
Кайырма
Мен сенсіз жаным-ау шыдамаспын
Бір айға, бір айға
Жүрегім мазасыз удай маспын
Бұл айда, бұл айда
Бір-бірін көрмесе тұра алмайды-ау
Күн-айда, күн-айда
Құлай сүйіп — көрмей жүру
Оңай ма?
Жүректі түнек басқанда, түбіне дейін
Өзіңсіз бұл фәниді сезіну де қиын
Түнертті тұңғиығы мөлдіреген көзіңнің
Қалайша сен дым уайымсыз ұйықтайсың түнде?
Мен жүрмін түңгі оймен қарбаласып күнде
Мұң салдың тармағына әнімдегі сөзімнің
Кайырма
Мен сенсіз жаным-ау шыдамаспын
Бір айға, бір айға
Жүрегім мазасыз удай маспын
Бұл айда, бұл айда
Бір-бірін көрмесе тұра алмайды-ау
Күн-айда, күн-айда
Құлай сүйіп — көрмей жүру Оңай ма?